2024 жылғы 3-5 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай қаласында All China Leather Exhibition (ACLE) 2024 халықаралық көрмесі өтті. Көрменің негізгі тақырыптық бағыттары аң терісі мен былғары бұйымдарына, былғары өндірісіне, илеу жабдықтары мен былғары шикізатына бағытталды. All China Leather Exhibition (ACLE) 2024 көрмесін өткізу барысында "Кублей" ЖШС кәсіпорнының қызметкерлері серіктестік қарым-қатынас орнатып, әлеуетті клиенттерді тауып, "Кублей"ЖШС ет өңдеу кешені шығаратын Wet-Blue өнімін өндірудің экспорттық әлеуетін арттыра алды.