2025 жылы 18 Желтоқсанда "Кублей" ЖШС кәсіпорнына Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов бастаған жұмыс делегациясы келді. Кездесу барысында кәсіпорынның дайын өнімін өндіруде де, сатуда да негізгі өндірістік бағыттарды жаңғырту атап өтілді. Вице-министр ішкі және сыртқы сауданы дамыту, экспортты ілгерілету, Техникалық реттеу сияқты министрлік қызметінің негізгі бағыттарын түсіндіріп, "Кублей"ЖШС кәсіпорнына табыс пен өркендеу тіледі.

