Жаңалықтар

«Адал Азамат. Адал еңбек .Адал бизнес» шағын және орта бизнес форумы

Астанада Қазақстанның барлық аймақтарынан мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың және табысты кәсіпкерлердің негізгі өкілдерін біріктірген «Адал Азамат . Адал еңбек . Адал Бизнес» шағын және орта бизнес форумы өтті. Күн тәртібінде-форумның орталық тақырыбына айналған шағын және орта бизнестің тұрақты дамуы үшін инновациялық тәсілдер мен тиімді шешімдер қарастырылған.

Форумға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қатысты, ол өз сөзінде бизнес өзін сенімді сезініп, болашағын кеңейтіп, инвестициялауға қабілетті болуы керектігін мәлімдеді.
 
«Атамекен » ҰКП Төралқасының Төрағасы Райымбек Баталов бизнесті Палата трансформациясының негізгі бастамашысы ететін "bottom up" моделіне ауысуымен таныстырды.Сондай-ақ « Атамекен » ҰКП Үкіметке жергілікті өндірістің пайызы, технологиялық даму және экспорт сияқты көрсеткіштерге негізделген балдық жүйемен бағалауды енгізуді ұсынды.
Жекелеген платформалар мен құралдарды біріктіру мәселесі көтерілді, Үкімет egovbusiness  -B2G және B2B қызметтерімен жұмыс істеуге ыңғайлы платформа әзірлеп жатыр ,  бұл экономиканың әрбір аймағы мен секторы туралы деректерге ашық қол  жеткізуді қамтамасыз етеді деп айтылды. Форумға қатысқан кәсіпкерлердің бірі Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Кублей» ЖШС-нің өкілі Зәуре Берекешева болды.
Кәсіпорынның бизнес-моделі  қайта өңдеудің кластерлік өңдеу циклін қамтитынын ,бұл  тек ет консервілері мен жартылай фабрикаттарды шығару ғана емес , сонымен қатар қосалқы өнімдерді қайталама өндіріске пайдалануға мүмкіндік беретіндігі айтылды. Сондай-ақ,  инвестициялық жобалар портфельдерінің объективті бейнесін жасау бойынша Палата әзірлеп жатқан бастамалар олардың тартымдылығын арттырып, өңірлердегі кластерлік құрылымдарды дамытуға ынталандыратынына сенім білдірді .

atameken.kz/ru/news/53073-v-astane-sostoyalsya-forum-malogo-i-srednego-biznesa-adal-azamat-adal-ebek-adal-biznes