Жаңалықтар

Сауда - Экономикалық Миссиясы 2022 (Ташкент қ.)

2022 жылдың 24-26 наурыз аралығында Өзбекстан  Республикасы Ташкент қаласында өткен «сауда-экономикалық миссиясы»
Іс-шараны Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымын арттыру мақсатында "QAZ TRADE "сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ және Орталық Азия сауда үйі ұйымдастырды.
Іс-шараға екі тараптан да өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын өндірушілердің 100-ден астам компаниясы қатысты.
Өзбекстан Республикасының «Сауда-экономикалық миссиясына» қатысушылары «Кублей» ЖШС өнімдеріне қызығушылық танытты. Мемлекеттік органдардың тауарды әкелуге ресми рұқсатын алғаннан кейін, "Кублей" ЖШС өз өнімін Өзбекстан Республикасына жеткізуді жоспарлап отыр.