2024 жылғы 30 сәуір мен 3 мамыр аралығында "Кублей" ЖШС ет өңдеу кешенінің қызметкерлері Шанхай қаласына сапар жасады, сапар барысында сағатына 1000 кг-ға дейін жартылай фабрикаттарды мұздататын жаңа жабдықты қабылдау жүргізілді. "Кублей" ЖШС және Jet Cool компаниялары арасында жаңа буын жабдықтарын жеткізуге арналған келісімшарт "Кублей" ЖШС өндіретін жартылай фабрикаттардың өнім көлемін: мәнтілер,варениктер, тұшпаралар, ет таяқшалары және т.б. ассортиментінде ауысымына 15 тоннаға дейін ұлғайтуға және өңірлер арасында ,сондай-ақ жақын және алыс шет елдер бойынша сату көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді.