2025 жылғы 18-20 қыркүйек аралығында «Кублей» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлері жұмыс сапарымен Австрияда болды. Сапар барысында азық-түлік өнеркәсібіне арналған жабдықтарды жеткізетін компаниялармен кездесулер өткізіліп, одан әрі ынтымақтастық орнату және «Кублей» ЖШС-нің ет жартылай фабрикаттары өнімдерінің көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.
2025 жылғы 22 қыркүйекте «Кублей» ЖШС қызметкерлері Батыс Еуропадағы Нидерланд мемлекетінде болды. Бұл сапардың мақсаты – жемісті ынтымақтастық орнату және азық-түлік саласындағы кәсіпорындармен қарым-қатынасты дамыту арқылы «Кублей» ЖШС-нің ет өнімдерінің ауқымын кеңейту.
2025 жылғы 23 қыркүйекте «Кублей» ЖШС қызметкерлері жұмыс сапарымен Германияға барды. Сапар аясында азық-түлік өнеркәсібінің өкілдерімен кездесулер өткізіліп, екіжақты қатынастарды дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды. Кездесулер барысында азық-түлік индустриясы саласында халықаралық іскерлік байланыстарды нығайту және дамыту мақсатында одан әрі өзара іс-қимылдың нақты нұсқалары қарастырылды.


