Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қарашада Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумына қатысты. Президенттің Жарлығымен ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында отандық агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жемісті еңбегі, Қазақстанның ауылдық саласының инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін "Кублей" ЖШС консерві зауытының қызметкері Еркінова Батима ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденінің иегері атанып, мемлекеттік наградамен марапатталды. Біздің компания атынан Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне еліміздің ауылдық саласындағы қызметкеріміздің еңбегін мойындағаны үшін Алғыс білдіреміз.