2025 жылғы 04-08 қазан аралығында "Кублей" ЖШС қызметкерлері Кельнде (Германия) өткен Anuga 2025 Халықаралық тамақ және сусындар көрмесіне қатысты. Anuga 2025-әлемдегі тамақ өнеркәсібінің ең ірі және маңызды көрмелерінің бірі. Іс-шара барысында компания өкілдері іскерлік кездесулер өткізді, тұрақты жеткізушілермен әріптестік қатынастарды нығайтты және әлеуетті серіктестермен жаңа байланыстар орнатты.


