2024 жылдың 29-31 мамыр аралығында "Кублей" ЖШС қызметкерлері Астана қаласында өткен Intefood Kazakhstan 2024 халықаралық көрмесіне қатысты. Көрме тамақ өнеркәсібі және тоңазытқыш индустриясы саласында өткізілді. Аталған іс-шараға Қытай, Еуропа, Ресей және Беларусь елдерінен 90-нан астам компания қатысып, тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу бойынша жаңа технологияларды көрсетті.
InterFood Kazakhstan 2024 көрмесінде қондырғылар мен агрегаттарға сервистік қызмет көрсетудің жаңа технологияларын көрсете отырып, сондай-ақ тоңазытқыш индустриясы саласында форум өтті.
Бұл көрме "Кублей" ЖШС зауытының үздіксіз жұмыс істеуі үшін тоңазытқыш жабдықтары саласында перспективалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.