Жаңалықтар

GulFood 2023

20-25 ақпанда Дубайда (БАӘ) тағам өнеркәсібі әлеміндегі ең ірі оқиғалардың бірі GulFood 2023 өтті.

Дубайда өткен GulFood 2023 көрмесіне барған кезде мен әртүрлі компаниялармен, соның ішінде Аргентина, Бразилия, Марокко,  АҚШ, Үндістан, Венгрия, Сербия және т.б. сияқты әртүрлі елдерден сиыр, қой, құс, балық және көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша әлемдік көшбасшылармен кездесуге мүмкіндік алдым.

Кездесулер барысында өнім сапасы мен жеткізу аспектілеріне қатысты мәселелер талқыланып, одан әрі ынтымақтастық туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді. Парсы шығанағы елдерінің шикізат пен дайын өнімді жеткізу саласында бизнесті дамыту бағытында белгілі бір әлеуеті бар.

Көрменің  форматы  сатушылардың стенділерінің жанындағы кездесулермен ғана емес, сонымен қатар көрме аясындағы түрлі іс-шараларды – семинарларды, конференцияларды, Nestle және Lulu (гипермаркеттер желісі) сияқты әлемдік кәсіпорындардың жетекші топ-менеджерлерімен консультативтік кездесулерді қамтыды.  Олардың қатарында Karfour (гипермаркеттер желісі), HoReca өкілдері де бар. Қатысушылар саны 100-ден астам елден 50 000-нан астам адам болды.