Жаңалықтар

"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының 8 съезі

Делегация мүшелері,  соның ішінде "Кублей" ЖШС  "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезіне қатысты. Онлайн-форумға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен 384 делегат қатысты. Күн тәртібінде Ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру, Қаржы министрлігінің шағын және орта бизнесті тексеру мораторийін алып тастау мәселесі көтерілді. Съезд қатысушылары жұмысшылардың артық істелген жұмысы үшін   ақы төлеу және тауарларды таңбалау қажеттігі мәселелерін талқылады. ЕАЭО елдері мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастар мәселелеріне де көңіл бөлінді.