Компания туралы
«Кублей» ЖШС - 1992 жылы құрылған, жаңадан салқындатылған жылқы, сиыр, қой еті консервілер өндірімен айналысатын Қазақстандағы ең ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының бірі болып табылады. Еуропаның жетекші өндірушілерінің соңғы жабдықтары компанияға жоғары сапалы өнімдер мен керемет дәмдік сипаттамалар жасауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын өнім өндірісі кезінде азық-түлік қоспалары мен ГТӨ жоқ 100% табиғи шикізат өнімдерін қолданады. «Кублей» ЖШС-нің барлық өнімдері ГОСТ, ҚР СТ, ҚР және Кеден одағының техникалық регламенттеріне және Ұйым стандарттарына сәйкес дайындалады. Өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін компанияда шикізат пен дайын өнімнің микробиологиялық, органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерінің сапасын бақылайтын сертификатталған өндірістік зертханасы бар.
«Кублей» ЖШС-де көптеген жылдар бойы стандарттар талаптарына жауап беретін интеграцияланған менеджмент жүйесі жұмыс істейді:
Кәсіпорын қызметі осы стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді, бұл ішкі және сыртқы аудиттің нәтижелерімен расталады.
Кәсіпорында экологиялық менеджмент жүйесі, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі менеджменті жүйесі саласындағы саясат әзірленіп, енгізілді және де ол келесідей негізгі қағидаттарды басшылыққа алады:
- Біздің өнімге тұтынушылардың ағымдағы және перспективалық талаптары мен сенімдерін және олардың қанағаттануын жүйелі талдау;
- Заңнамалық және нормативтік талаптарды қатаң сақтау;
- Кәсіпорын мен мүдделі тараптар арасында ақпарат алмасу арқылы тұтынушының біздің өнімдеріміздің қауіпсіздігі мен сапасына деген сенімін сақтау;
- Талаптарды орындау және ҚР СТ ISO 14001; ҚР СТ ИСО 9001 және ҚР СТ ISO 22000 НАССР, ХАЛАЛ стандарттарының қағидаттары негізінде менеджмент жүйелерінің нәтижелілігін үнемі жақсарту;
- Тәртіптің жоғары деңгейі, қызметкерлерді ынталандыру және біліктілігін арттыру;
- Компания қызметінің тиімділігін, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Игерілген өткізу нарықтарында кәсіпорынның беделін сақтау және жаңаларына оң имидж жасау.
Жыл сайын экологиялық менеджмент, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы мақсаттар белгіленеді. Кәсіпорын LWG- (тері өндірушілерінің халықаралық тобының) сертификаттауынан өтіп, Қазақстанда бірінші болып Еуропаның өткізу нарықтарын ашатын "LWG өндірушісі" мәртебесіне ие болды.
Кәсіпорын басшылығы өз алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ұжымды тартуға, тиімді еңбек үшін жағдай жасауға, экологиялық менеджменттің, сапа менеджменті жүйесінің, НАССР жүйесінің, халал жүйесінің нәтижелілігін үнемі арттыруға, сапалы, бәсекеге қабілетті және қауіпсіз өнім шығаруға мүдделі.
Қазіргі уақытта компанияның екі зауыты бар:
Орал қаласы, Григорий Потанин 13/3 көшесінде орналасқан, аумағы 15 000м2-ден асатын, жалпы қуаты күніне 200 000 қалбыр өндіретін консерві зауыты;
Орал қаласы, Рыбцех 55 ауданында орналасқан, аумағы 12 000м2-ден асатын, жалпы қуаты жылына 20 000т ет өндіретін ет өңдеу кешені.
Консерві зауытында: әкімшілік ғимарат, деликатес консервілерін өндіру цехы, көкөніс консервілерін өндіру цехы, көкөніс сақтау қоймасы, ет консервілерін өндіру цехы, балық консервілерін өндіру цехы, сүт өнімдерін өндіру цехы, тоңазытқыш камералары, шикізатты сақтау қоймалары, дайын өнімді сақтауға арналған темір жолдары бар қоймалары орналасқан. Қазіргі таңда біздің компания 100-ден астам консерві түрлерін өндіреді:ет консервілері, ет-өсімдік консервілері, балық консервілері, жеңсік ас консервілері, жеміс-көкөніс консервілері, тауық консервілері, дайын түскі ас, қазақ ұлттық тағамдары және де консервіленген сүт өнімдері. Автоматтандырылған өндірістік процесс жоғарғы сапалы өнімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ет комбинаты ішінде мал сою цехы, сүйектен етті сылып алу желілері, салқындатқыш камералары, жедел мұздатқыш камералары және сыйымдылығы 3000 тонна еттен асатын мұздататын қоймалары орналасқан. Қазіргі таңда ет комбинатында мал сою процессі және жаңа салқындатылған ет пен жартылай дайын өнім шығарылуда. Онымен қоса ет-сүйек ұнын өндіруге арналған қалдықтарды қайта өндеу цехы жұмыс істейді.
«Кублей» ЖШС кадрлар дайындау мәселесіне көп көңіл бөледі. Мамандарды оқыту компания есебінен жүргізіледі, ал өндірістік тәжірибе цехтарда өтеді. Осылайша, компанияны қажетті квалификациялары бар мамандармен қамтамасыз ету, оқушылардың кәсіби дайындығының тізгініне теориялық және практикалық білім беруді қажет етеді. Кәсіпорында толық әлеуметтік пакет, тұрақты және үнемі өсіп келе жатырған жалақы деңгейі бар. Корпоративтік демалыс ұйымдастырылады. Қазіргі таңда кәсіпорында 450-ден астам адам еңбек етуде.
Біздің өнімдер үлкен сұраныстарға ие болуымен ғана шектеле қоймай, түрлі ұлттық, шетелдік және халықаралық мамандандырылған және кәсіби көрмелер мен конкурстарда көптеген марапаттар мен медальдармен марапатталып, өз өнімдерінің жоғарғы сапасын дәлелдеді:
- 2011 жылы компания «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Парыз» сыйлығына ие болды;
- 2013 жылы «Үздік азық-түлік өнімдері» номинациясы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде бірінші орын алды;
- 2012-2014 жылдары компания өнімнің сапасы саласында әлеуметтік жауапты бизнеске, оның қауіпсіздігі, сондай-ақ ұйымның өнім сапасын басқарудың аса тиімді әдістерін енгізуге бағытталған жұмыстары бойынша айтарлықтай нәтижеге жеткені үшін «МІНСІЗ» белгісін алды;
- 2013 жылы өткен «Сапалы Өнім» көрмесіне қатысып, 1-ші орынға қол жеткізді;
- 2013 жылы Қазақстан Республикасы Елбасының «Халыққа арналған өнімдер шығаратын ең үздік өнеркәсібі» номинациясында «Алтын Сапа» сыйлығының иегері атанды;
- Қаржылық-экономикалық ранжирлеу рейтингісінің 2015 жыл қарытындысы бойынша, біздің компания жоғарғы сатыға жайғасып, «Алтынға» ие болды;
- Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасындағы «Салық мөлшері» (ОКЭД-10.13.0) (ОКЭД-10) көрсеткіші бойыншы 2017 жылы 1 орын «Алтынға» ие болды.
- 2018 жылы Қазақстандағы Ұлттық бизнес-рейтингі компанияға сыртқы экономикалық қызмет саласындағы "IMPORT EXPORT AWARD" атағын берді.
- 2019 жылы компания ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ММ басшысы Т.М. Құнақбаевтан "Батыс Қазақстан облысының үздік экспорттаушысы 2018" алғыс хатын алды.
- 2019 жылы қоғамдық наградалар мен атақтар жөніндегі Халықаралық комитеті "Қазақстанның құрметті азаматы" қоғамдық танудың жоғары орденімен марапаттауға компания басшысының кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылдады.
- 2020 жылы рейтингтік талдау қорытындысы бойынша компанияға сенімділік пен тұрақтылықтың белгісі болып саналатын "Сала көшбасшысы 2020" мәртебесі берілді.
- 2021 жылы мамандандырылған Қазақстандық Агро ElDala.kz сайтының деректері бойынша компания ең жоғарғы ет өңдеуші компаниялардың қатарына енді
- Біздің компания жаңа -салқындатылған етті жылқы етін, сиыр етін, қой етін өңдейтін Қазақстанның ең ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының бірі ретінде сондай-ақ консерві өнімдерін шығарып аталған рейтингте құриетті 2-орынға ие болды.
- 2021 жылы Нұр-Сұлтанда "Алтын сапа" Президенттік сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. "Кублей" ЖШС кәсіпорыны "Халық үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын" ретінде "Алтын сапа" сапа саласында жеңімпаз атанды.
- 2022 жылы Ұлттық бизнес-рейтингті ұйымдастыру комитетінің тәуелсіз талдауы негізінде компанияға "Сала көшбасшысы 2022" атағы берілді. Ол клиенттер мен серіктестер алдында сенімді ұйымның беделін нығайтты.
- 2022 жылы компания Еуропаға экспортталатын былғары өндірушілер мен сатушыларға қойылатын талаптарды әзірлеген LWG Leather Work Group халықаралық ұйымының қола медалі түріндегі марапатты алу сертификатының иегері болды.
- 2022 жылы Дүниежүзілік қордың аналитикалық тобы компанияны "Мінсіз бедел" номинациясы бойынша "The enterprise OF the YEAR 2021"мәртебесі бар тәуелсіз тауарлар мен қызметтерді өндірушілер арасында іскерлік беделі бар кәсіпорын ретінде анықтады.
- 2023 жылы Ұлттық статистика бюросының, Мемлекеттік кірістер комитетінің, "ашық деректер" порталының ресми деректері негізінде компания " Cенімді және әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындар тізіміне " енгізілді. Талдау ҚР ет өңдеу саласының 314 кәсіпорыны арасында және Батыс Қазақстан облысының өңірінде жүргізілді.
Шығарылғын өнімнің сапасын тұрақты бақылау, өнім сұрыпталымының көбейуі және қол жетімді баға – осының барлығы негізгі нарықта көшбасшылар позициясын сақтап қалуға және де тұтынушылардың адалдылығына бөлейтін маңызды факторлар екеніне сенімдіміз.
Сыйлықтар мен марапаттар

«Алтын сапа» сыйлығы
2017 жылға арналған Қазақстан Республикасының үздік салық төлеушісі.

«Алтын сапа» сыйлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы, сапа саласындағы жетістіктері үшін ұлттық награда.

Диплом
Кәсіпорынның тиімділігін арттыру.