Консерві зауыты
«Кублей» компаниясы ішкі нарықта консервіленген өнімдерді шығарудан көшбасшы болып табылады. Қазіргі заманғы өндірістік нысандар, еуропалық жабдықтар мен қолданылатын озық технологиялар қазақстандық көшбасшыға тәулігіне жүз мыңдаған құты шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің 100-ден астам ассортимент атауы шығарылады. «Кублей» компаниясының жоғары білікті қызметкерлері тұтынушыларға жоғары сапалы және табиғи өнім ұсынады, сондықтан да шығарылатын өнімдер тек қазақстандық нарықта ғана емес, сондай-ақ алыс және жақын шет елдердің нарықтарында да сұранысқа ие.
«Кублей» компаниясының инвестициялық стратегиясы өнімдер ассортиментін үнемі кеңейтуге және еуропалық сапалы жабдықпен жабдықталған жаңа өндірістерді дамытуға бағытталған.
«Кублей» әрқашан үлкен сұранысқа ие, құрамында тағамдық қоспалар мен гендік модификацияланған ағзалар болмайтын, жоғары сапалы өнімдерді ғана шығарады.
«Кублей» ЖШС-нің барлық өнімдері тұтынуға толық дайын, тағамдарды дайындау үшін жай ғана гарнирлер қоса салсаңыз болды, дайын тағамның теңдесі жоқ дәмі мен хош иесі сізді және сіздің қонақтарыңызды керемет таңдандырады. Ассортимент өнімдерінің ішінде:
- Ет өнімдері – ет консервілері, консервіленген қазақ ұлттық тағамдары, ет-өсімдік консервілері, жеңсік ас консервілері және де дайын түскі ас. Ет консервілері құрамында те қана дәмді табиғи ет пен дәмдеуіштер.
- Балық өнімдері – май және томат тұздығындағы консервіленген атлантикалық және тұщы суды мекендейтін балықтар. Консервіленген балықтарды гарнирге, және де кез келген салатқа қосуға болады.
- Жеміс-көкөніс өнімдері – ас бұршағы, жүгері, үрмебұршақ, «Оливье» асортиі, «Мексикандық қоспа» ассортиі. Бұл өнімнің әрқайсысын жеке гарнир ретінде қолдануға болады немесе кез келген салаттын сәнін келтіру үшін пайдалануға болады.
- Сүт өнімдері – консервіленген сүт, қойылтылған сүт және қантпен қойылтылған сүт. Бұл сүт өнімдері шайға ұмытылмас дәм сыйлайды.
«Кублей» ЖШС шығарылатын өнімдердің сапасын алтын медальдармен және марапаттармен үнемі бағалайтын халықаралық және аймақтық көрмелерге белсенді қатысады.
«Кублей» компаниясының табысты болуының құпиясы – толыққанды интеграцияланған өндіріс процесі болып табылады. Процес ішіне шикізатты өңдеуден бастап тұтынушыларға жеткізуге дейін көп сатылы бақылаудан өткізу кіреді. Компанияның тұрақтылығы жоғары білікті, үйлесімді және перспективалық ұжымда, сондай-ақ тұтынушылар алдында сенімділік пен жауапкершілікте болады.
«Кублей» ЖШС компанияның кәсіпқойлығына көз жеткізіп, іскерлік байланыстарды кеңейтуді көздейтін, бізді таңдайтын клиенттер мен серіктестерге шынайы алғыс білдіреді және де табысты, өзара тиімді бизнеске ұмтылатын барлық компанияларды серіктестікке шақырады.
Ет өңдеу кешені
Қойлау цехы ірі қара мал мен малға арналған екі жолға арналған. Ірі қара малдың сыйымдылығы - ауысымда 250 бас, қойлар - 700. АМӨ қуаты жылына 10 000 тонна ет есептеледі. Семинарлар толығымен автоматтандырылған, еуропалық жабдықтар орнатылды.