Жаңалықтар

XIV Казахстанская международная выставка «KAZAKHSTAN FOOD MARKET -2012»

XIV Қазақстандық халықаралық KAZAKHSTAN FOOD MARKET -2012 көрмесі

XIV Қазақстандық халықаралық KAZAKHSTAN FOOD MARKET -2012 көрмесі: «Тәттілер», «Шарап-Вино», «Жабдық. Ыдыс. Қаптама», «Agrotech-2012»

«Кублей» ЖШС Алматы қаласында  2012 жылғы сәуірдің 11 мен 13 аралығында «Атакент» ІЫКОөткен  халықаралық көрмеге қатысты.   Іскери бағдарламаға 2 дөңгелек үстелді өткізу енді. Біріншісі, «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша несиелер мен жәрдем қаражаттарын ұсынуды жеделдетудегі мәселелі сұрақтарды шешу» тақырыбында. Екіншісі – «Ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерді жылжыту және ауқымды нарық жағдайында тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігінің сұрақтары».

Аталған көрме аясында негізгі мақсаты ет өнімдерінің үздік үлгілерін анықтау және ет өнімдерінің кепілдендірілген сапасымен жабдықтау мәселелеріндегі алыс және жақын шетелдер, Кедендік одақтағы  елдер аумағында танымалдандыру  болып табылған Қазақстан тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібінің одағымен өткізілген  халықаралық байқау оздырылды.  Өнім сапасының байқау бағасы тоғыз балдық жүйе (9-үздік,  8-жақсы,  6-қанағаттанарлық,  3-нашар,  2-өте нашар) бойынша жүргізілді. Өнімнің сапасы келесі көрсеткіштер: сыртқы түрі, консистенциясы, тілгендегі түрі, иісі, дәмі, түсі, қаптамасы және таңбалануы бойынша анықталды.  «Кублей» ЖШС  аталған байқауға қатысты  және «Бұқтырылған сиыр еті» ет консервісі үшін  Ет және балық өнімдері номинациясында ГРАН ПРИмен марапатталды.