6-10 қараша аралығында, Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында China International Import Expo импорт тауарлары мен қызмет түрлері бойынша халықаралық көрме өтті. Көрмеге 130 елден 2800-ден аса компания қатысты, сонын ішінде Қазақстан Республикасы компаниялары. Сондай-ақ, қазақстандық компаниялар сауда-саттыққа арналған Еуразия семинар-презентициясына қатысты.
Осы көрме арқылы Қытай өз нарықтарын әлемге ашып, басқа елдердің кәсіпорындарын сауда ынтымақтастығы үшін платформа құруға өз тауарларын көрсетуге шақырды. Көрме нәтижесінде біздің компания «Кублей» ЖШС (Қазақстан) мен Karamay Yuguanfu Foreign Trade Co Ltd (Қытай) арасында Қытайға 20 мың тонна сиыр мен қой етін экспорттау бойынша келісімшартқа қол қойылды.
Видео бейнелерді келесі сілтемелер арқылы көруге болады: видео бейне 1, видео бейне 2.