Жаңалықтар

"QAZTRADE" АҚ

03.03.2021 ж. "Кублей" ЖШС кәсіпорнына экспортты ілгерілету мәселелері бойынша "QAZTRADE" АҚ өкілдері ресми сапармен келді.
Сапар барысында шикізат пен қаптамадан бастап, өнімді сақтау режиміне дейінгі өндірістің барлық кезеңдерін бақылауға мүмкіндік беретін технологиясы бар кәсіпорынның заманауи жабдықтарының жоғары сапасы атап өтілді.
Өнімнің ассортименті мен көлемі жыл сайын артып, тұтынушыларға консервілердің жаңа түрлерін ұсыну - компанияға тауарларды экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.