Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімінің "Тері өңдеу цехы" инвестициялық жобасы

04.12.2020ж. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев ет өңдеу кәсіпорнына іс-сапармен келіп, "Кублей" ЖШС ет өңдеу кешенінің өндірісімен және шығаратын өнімдерімен танысты. Зауытты жаңғырту мен жарақтандырудың жоғары сапасы атап өтілді.
Кездесу барысында "Кублей" ЖШС кәсіпорнының басшысы енгізілген және жоспарланған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті мен "Кублей" ЖШС арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімінің "Тері өңдеу цехы" инвестициялық жобасына қол қойылды.