Жаңалықтар

«Тауарлық қой басын қарқынды енгізу технологиясы» семинары

14.09.2018ж. ҰКП «Атамекен» қолдауымен  ЖШС «Кублей» ет өңдеу кешенінде шаруа қожалықтарының қатысумен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне білім тарату мақсатында семинар ұйымдастырылды.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ а/ш ғылымдарының профессоры Абсатиров Г. Г. және а/ш ғылымдарының докторы Баяхов А.Н. қатысуымен теориялық сабақтар, ал ЖШС «Кублей» технологтары көмегімен практикалық сабақтар өткізілді. Оқыту барысында тыңдаушылар мал сою процессімен, оны бөлу, қаптау және сақтау процесстерімен, дайын өнімдерді экспортқа дайындау жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар семинарда тыңдаушыларға ҚР АШМ ережелерімен қарастырылған мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі жергілікті атқарушы органдары түсіндірді.