Жаңалықтар

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету» семинары

2016 жылы 8 қыркүйекте ЖШС «Агрокомпетенция» орталығы мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірігуімен ТОО «Кублей» етөңдеуші кешенінде ет және ет өнімдерін өңдеу бағытында ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге тегін оқытушы семинар ұйымдастырылды. Семинарда етті терең өңдеу және ет пен ет өнімдерін Еуроодақ елдеріне экспорттау, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіптің негізгі мәселелері мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау өлшемдері туралы тақырыптары қозғалды. Семинарда Жәңгірхан ат. БҚАТУ-дың ауылшаруашылық ғылымдарының магистры – Курохтин Виталий Андреевич дәріс оқыды. Семинар соңында барлық қатысушыларға теориялық және практикалық курсты тыңдағандары туралы сертификаттар табыс етілді.