Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Алла тағаладан баршаңызға куаныш, отбасыларыңызға береке – бірлік, тыныштық пен тұрақтылық, игілік тілейміз!
ТОО «Кублей» ет өңдеуші кешенінде Құрбан айт мерекесіне орай құрбан шалуға арнайы орын ұйымдастырылды. Аталмыш шараны облыстың бас имамы Руслан Султанов ашты. Шараның құрметті қонақтары қала әкімі Н.Т. Төреғалиев пен Рио олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусинов болды. Қатысушылардың бәрі шараны ұйымдастыру халықаралық стандартқа сай келетінін атап өтті.