Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Ұлыбританияға бару барысы.

09.07.2018ж. Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің және ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің қолдауымен БҚО делегациясы, соның ішінде «Кублей» ЖШС мен бірге БҚО-ның  3 ірі өнеркәсіп көшбасшылары Ұлыбританияға барды. 
Облыс әкімі Алтай Көлгінов басшылығымен  2018 жылы Астанада өткен экономикалық

Форум барысында қол қойылған Меморандумды жүзеге асырудың тиімді механизмін әзірлеу үшін «Dunbia»  компаниясымен келіссөз жүргізілді.

Жұмыс сапары барысында, сондай-ақ «Farm Wizard» компаниясының өндірушіден тұтыну компанияларға өнімнің жеткізілуін қадағалау жүйесімен танысты. Бұл бағдарлама тұтынушыға жануардың туғанынан бастап етінің үстел басына келгенге дейінгі бүкіл өмірін бақылауға мүмкіндік береді.