Жаңалықтар

ҚХР делегациясының "Кублей" ЖШС компаниясына келуі

Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өткен "China International Import Expo" 2018 көрмесінде "Кублей" ЖШС-нің қатысуы нәтижесінде, біздің компания "Karamay Yuguanfu Foreign Trade Co Ltd" қыталық компаниясымен 20 000 тонна қой еті мен сиыр етін жеткізу туралы шартқа қол қойды. Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында, "Karamay Yuguanfu Foreign Trade Co Ltd" компаниясының 6 адамнан тұратын делегациясы Орал қаласына келді. Бұл сапардың себебі - "Кублей"ЖШС-мен одан әрі экспорттық-импорттық ынтымақтастықты дамыту мақсаты болды. Сапар барысында делегация "Кублей" ЖШС-нің ет өңдеу кешені мен консерві зауытын аралап, серіктестік қарым-қатынас мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.