Жаңалықтар

Қазақстан ет өндірушілерінің алғашқы кездесуі

2019 жылдың 19 сәуір күні Қазақстанның ет өңдірушілері осы саладағы өзекті мәселелерді талқылау үшін алғаш рет Алматыда жиналды. Мәселе көп, ал мақсат бір - сапалы және бәсекеге қабілетті ет өнімдерін өндіру - маңызды стратегиялық өнім!
Ет өнімдерсіз бірде-бір отбасының, қазақстандықтардың күнделікті және мерекелік дастарханы өтпейді. Дұрыс тамақтану мен халықтың денсаулығына қамқор болу, баға мен сапа мәселелері осы нарық сегментінде басым бағыттардың бірі болып табылады.
"Пруссия" мейрамханасының мәжіліс залында мәлімдеген 30 компанияның ішінен терең ет өңдеу және дайын ет өнімдерін шығару саласында жұмыс істейтін ҚР 25 жетекші компаниясы жиналды.
Қатысушылар: 32 адам, құрылтайшылар және кәсіпорын басшылары.
География: Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе облысы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей, Тараз, Талғар, Орал, Өскемен, Шымкент.