Жаңалықтар

Ірі қара малдың терісін өңдейтін цехтың ашылуы

2020 жылдың 25 желтоқсанында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен "Кублей" ЖШС ірі қара мал терісін wet-blue жартылай фабрикатына өңдейтін жаңа цехының ашылуы өтті. Жобаның құны шамамен 1,3 миллиард теңгені құрайды. 70 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Өндіріс қуаттылығы - тәулігіне 600 тері.
Сонымен қатар, "Кублей" ЖШС ет өңдеу кешені жабық өндіріс циклі бар Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын болып табылатынын атап өту қажет.