Жаңалықтар

Орынбор – Еуразияның жүрегі

2019 жылдың 21-22 қараша аралығында біздің команда  «Оренбург-Евразияның жүрегі» халықаралық форумына қатысты. Форум Орынбор облысының басшылығының ұйымдастырылуымен Ресей Федерациясының 20 аймағының және  он екі елдің өкілдері шақырылды. БҚО атынан «Кублей» ЖШС, «Стекло Сервис» ЖШС, «Орал сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС және «OTRAR TRAVEL» туристтік агенттігі қатысты. Сонымен қатар, форумға БҚО әкімі Г.Н. Исагалиев қатысты. Іссапардың мақсаты тәжірибе алмасу, пайдалы танысу және БҚО өнімдерінің Оренбург облысындағы имиджін жылжыту аясында орындалды.