11 - 13 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің (әкімшілігі) қолдауымен ұйымдастырушысы «ExpoDamu» көрме фирмасы болып табылатын «Kazakhstan International Halal Expo 2012» және «KazFood 2012» біріккен халықаралық көрмесі өтті. «KazFOOD' 2012» халықаралық көрмесін ұйымдастыру мақсаты отандық және шетелдік кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтерін демонстрациялау, әріптестер ізденісі, елдер арасында тауар айналымын реттеу, әлемдік сапа тағамдар өнімдерімен нарықты толықтыру болып табылады. «Кублей» компаниясы «KazFood 2012» көрмесіне қатысты және жоғары сорт «Бұқтырылған сиыр еті» өнімімен дәм сараптауы байқауына қатысуға өтінім берді, аталған байқау қорытындысы бойынша біздің компанияға 1-орын берілді.