Жаңалықтар

«Мінсіз» Cапаның Халықтық Белгісі 2012

16 маусым 2012 жылы Алматы қаласында («Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен) «Метро» сауда кешені аумағында Қазақстанның, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің  тауарлар мен қызметтер нарығындағы үздік  өндіруші компанияларын «Мінсіз» сапаның халықтық белгісімен 13-ші жыл сайынғы Марапаттау рәсімі өтті.

«Кублей» ЖШС компаниясының өнімдері «Мінсіз» Cапаның Халықтық Белгісін алды.  «Мінсіз» Cапаның Халықтық Белгісі Қазақстан аумағында сатылатын сапалы тауарлар мен қызметтер  нышаны болып табылады. 

«Мінсіз» Cапаның Халықтық Белгісімен марапаттау тәуелсіз тұтынушылардың сараптамалары, қоғамдық сұраулары, дәм сараптауларының зерттеулері, тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы наразылық-сот практикасының талдауы, супермаркеттер желілерінен ақпараттар жинау және фокус топтарды сауалнама жүргізу қорытындылары бойынша жасалады.