Жаңалықтар

Нұрлы жер

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен бірге «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде стратегиялық және өнеркәсіптік мақсаттағы бірқатар объектілерді, салынып жатқан әлеуметтік нысандарды тексерді.
Үкіметтік делегация "Кублей" ЖШС ет өңдеу кешеніне барып, онда зауытты жаңғырту және шығарылатын өнімнің сапасына жоғары бағасын берді.
Сапар қорытындысы бойынша Роман Скляр "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, облыс басшылығына олардың орындалуын пәрменді бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.