Жаңалықтар

Тағамдар, сусындар және олардың өндірісіне арналған шикізаттар өнімдерінің халықаралық көрмесі

11.02.2013 – 15.02.2013  Мәскеу қаласында «Экспоцентр» орталық көрме кешенінде «Продэкспо 2013» тағамдар, сусындар және олардың өндірісіне арналған шикізаттар өнімдерінің мерейтойлы 20-шы халықаралық көрмесі өтті. Көрме РФ Ауылшаруашылық министрлігі, Мәскеу үкіметі мен РФ Сауда-өндірістік палатасының патронаты көмегімен өткізілді. Көрме барысында біздің компания өнімдерінің дәм сараптауы жасалды. Тұтынушылардың оң пікірлері біз үшін жоғары марапат болды. Бүкіл Ресей мен ТМД елдерінен көп қатысушы болды. Көрме аяқталғанда РФ аумағындағы біздің компанияға деген қызығушылық артты.