Жаңалықтар

KADEX-2012

2012 жылғы  3-6 мамыр аралығында «Кублей» ЖШС Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен өткізілген Қазақстан Республиксының елордасы Астана қаласындағы «KADEX-2012» қарулану және әскери-техникалық мүлік екінші әскери көрмесіне қатысты.

Аталған көрмеде бірнеше басты тараулар болды:

  • Теңіз әскери күштері және құрлықтағыәскердің қарулануы мен әскери техникасы:
  • Авиация және авиациялық  қарулану, ӘШҚҚқұралдары мен жүйелері;
  • Арнайы тағайындаудағы құралдар және мүлік;
  • ІТ-технология, байланыс түрлері мен құралдары;
  • Әскердің тылдық және техникалық қамтамасыздандырылуы;

Көрме мақсаты болып табылды:

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскері мен әскери құруларына қажеттіліктеріне сәйкес  отандық кәсіпорындар даму перспективалары мен мүмкіндіктерін кеңейту, шетелдік нарыққа олардың өнімдерін жылжытуға көмектесу;
  • Республикаға ірі шетелдік әскери және арнайы тағайындаудағы өнімдерді өндірушілер мен дайындаушыларды тарту, қарулану және әскери техниканың ортақ өндірісі мен жаңғыртуы саласында қазақстандық кәсіпорындармен кооперациялық ынтымақтастықты дамыту;
  • Қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің өндірушілері мен тұтынушылары арасында өзара тиімді байланыстарды орнату мен дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау, ҚР Қарулы күштерін  технологиялық жаңғырту мәселелеріндегі тәжіри алмасу. 

Көрме соңында «Кублей» ЖШС көрмеге белсенді қатысқаны үшін  диплом мен медаль берілді.