Жаңалықтар

Мемлекеттік марапаттар!

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің25-жылдығын мерекелеу қарсаңында, ҰКП мен қазақстандық бизнес өкілдері қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыс етті.

- «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын  тойлау қарсаңында баршаңызды осы маңызды күнмен құттықтай отырып, ел басымыздың саясаты арқасында Қазақстанның бизнесі аяқтан тұрғандығын айтқым келеді. Бүгін Қазақстан бизнесі біздің қоғамның бөлінбес бөлігі болып табылады. Біз үлкен жұмыс жасап жатырмыз, бізге үлкен әлеуметтік жүк артылған, біздің артымызда үлкен жұмыс ұйымдары, біз жаңа жұмыс орындарын құрамыз, салық төлейміз, соның арқасында біз мықты мемлекетпіз, мықты әлеуметтік саясат»- деді Тимур Кулибаев.

«Ерен еңбегі үшін» медальдарын ЖШС «Кублей» директоры Талғат Берекешевке, ЖШС «Тан» құрылтайшысы Жамбыл Бегмановқа, «Forte Bank» Көкшетау бөлімінің директоры  Талап Рахмановқа және  БҚО Кәсіпкерлер Палатасы директоры Игорь Шацковке табыс етті.