Жаңалықтар

ElDala.kz

Мамандандырылған Қазақстандық ElDala.kz агро сайтының деректері бойынша бүгінгі таңда Республикада "қызыл" етпен (құс етін қоспағанда) маманданған 175 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Осы сайттың зерттеу нәтижелері бойынша "Кублей" ЖШС Қазақстанның топ - ет өңдеу компанияларының қатарына кірді.
"Кублей" ЖШС жаңа салқындатылған ет: жылқы еті, сиыр еті, қой еті өндірісімен, сондай-ақ консерві өнімдерін шығарумен айналысатын Қазақстандағы ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының бірі ретінде осы рейтингте құрметті 2 орынға ие болды.