Жаңалықтар

Қытайға экспорттау

2018 жылдың 27 желтоқсанында, «Кублей» ЖШС компаниясы алғаш рет Қытай Халық Республикасына 20 000 кг мөлшерінде мұздатылған қой етінің партиясын жіберді. Қазіргі таңда, "Кублей" ЖШС ет өнімдерінің тұрақты тұтынушылары болып Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан және Иран елдері табылады. Бұл оқиға, әрине, компания үшін жақсы көрсеткіш, өйткені Қытай нарығы өте ауқымды болып келеді. Қытай тұтынушыларының сұранысы бар болса, бұл фермерлердің мал санын көбейтуге қызығушылығын тудырып, БҚО ауыл шаруашылығы саласының одан әрі дамуына көмегін тигізіп, өнімнің өнімділігіне алып келеді. Біз "Кублей" ЖШС ет және консервіленген өнімдерін Қытай Халық Республикасына жеткізу бойынша қытайлық компаниялармен ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.