Жаңалықтар

ЭКСПО «Қытай-Еуразия»

2016 жылдың 20-25 қыркүйегі аралығында Үрімші қаласында (ҚХР) өткен ЭКСПО «Қытай-Еуразия» бесінші Халықаралық көрмесіне біздің компания да қатысты. Қазақстаннан барған өкілдерді қатыстыруды Алматы қалалық сауда және инвестиция палатасы ұйымдастырды.

Алматы қалалық сауда және инвестиция палатасының бас директоры Мухтархан Бияров таныстырған ЖШС «Кублей», ЖШС «Первомайские деликатесы», АҚ «Рахат», ЖШС «Хлебобараночный комбинат «Аксай», «Amberlady», ЖШС «Казфосфат» и ЖШС «КазФрахтСервис» кәсіпкерліктері туралы ақпаратты ЭКСПО «Қытай-Еуразия» көрмесінің ашылу аясында қатысушы елдердің ресми тұлғалары. «Жібек жолын бірге талқылау, бірігіп құрылыс жасау және бірге пайдалану: мүмкіндіктер мен келешек» деген ұранмен өткізілген көрмеге әлемнің 57 елінен келген өкілдері қатысты. Көрмеге 3500 нан астам кәсіпқой сатып алушылар қатысып, ұйымдастырушы комитетінің айтуынша бұл көрсеткіш өткен жылдардағы көрсеткіштерді басып озды. Көрмеге қатысушы компаниялардың саны 2192 жетіп, оның 418 шет елдік компаниялар болды.