Жаңалықтар

Санкт-Петербургтегі бизнес-форум

15 маусым 2012 жылы  Ресей Федерациясы аумағындағы Санкт-Петербург қаласында бірігу бағыттары мен түрлі салалар бойынша ортақ жұмыстарды ұйымдастыруды талдау мақсатында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының премьер министрлері мен бизнес өкілдері қатысқан Бизнес-форум өтті. «Кублей» ЖШС аталған форумға қатысты.

Аталған форумда келесі тақырыптар талқылауға салынды:

  1. Өнеркәсіптік ынтымақтастық және инвестицияны ынталандыру шарттары (ортақ өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру, ЕЭК аумағында ірі өнеркәсіптік нысандарды орналастырудың стратегиялық жоспарлауы, техникалық реттеудің үйлесімділігі, ЕЭК елдерінің компанияларына даму институттарының  әрекеттерін тарату, инновациялар, экспорттық әлеуетті арттыру үшін арнайы әкімшілік және қаржы аспаптарын жасау).
  2. Өнеркәсіптік даму факторы ретінде әкімшілік тосқауылдарды азайту (кеден процедуралары қызметтерін, тиімділігін арттыру, мемлекеттік сатып алулар қолжетімділігін ықшамдау, көші-қон саясаты, бірыңғай санитарлық және ветеринарлық қадағалау).
  3. Өндірістік кооперацияның бағыты.