Жаңалықтар

«Қазақстанда жасалған»

2015 жылы 2-3 шілде күндері Астана қаласында «Қазақстанда жасалған-Сделано в Казахстане» атты Отандық тауар өндірушілердің форум-көрмесі өтті, сол көрмеде Қазақстан Республикасының Ел басшысы Н.Ә. Назарбаев қатысып, Қазақстанның жетістіктерімен танысты.

Көрмеге еліміздің әрбір түкпірінен келген 80-ге жуық компаниялар қатысты.

Көрменің алға қойған акценті: жаңа өндірістер, жаңа өнімдер жүйелері, модернизациялаудың жаңа жолдарын қарастыру, шығаратын өнімдерді ұлғайту.

Сонымен қатар, көрменің негізгі мақсаты халықты отандық өнімдермен және де өндірістік кәсіпорындарымен таныстыру.

Осы көрмеде АҚ «Жергілікті даму «NADLoC» ұлттық агентствосы және отандық өнім өндірушілерінің арасында өнімдерге Ортақ логотип белгісін енгізу туралы 20-дан астам меморандумларға қол қойылды.

Ел басшысы осы көрмеде біздің кәсіпорынның өнімдерімен жеке танысты, сонымен бірге, көрмеге қатысушылар мен тұтынушылар тарапынан біздің өнімдерді жоғарғы деңгейде бағалады.