Компания туралы

«Кублей» ЖШС - 1992 жылы құрылған, жаңадан салқындатылған жылқы, сиыр, қой еті консервілер өндірімен айналысатын Қазақстандағы ең ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының бірі болып табылады. Еуропаның жетекші  өндірушілерінің соңғы жабдықтары компанияға жоғары сапалы өнімдер мен керемет дәмдік сипаттамалар жасауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын өнім өндірісі кезінде азық-түлік қоспалары мен ГТӨ жоқ 100% табиғи шикізат өнімдерін қолданады. «Кулей» ЖШС-нің барлық өнімдері ГОСТ, ҚР СТ, ҚР және Кеден одағының техникалық регламенттеріне және Ұйым стандарттарына сәйкес дайындалады. Өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін компанияда шикізат пен дайын өнімнің микробиологиялық, органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерінің сапасын бақылайтын сертификатталған өндірістік зертханасы бар.

«Кублей» ЖШС-де HACCP қағидаттарына негізделген СТ РК ИСО 9001 сапа менеджменті жүйесі және ҚР СТ ИСО 22000 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі енгізілген және жұмыс істейді. Басқарудың интеграцияланған жүйесін енгізу –

өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын жақсарту, тұтынушылардың ұсыныстары мен ескертулерін талдау, сапа мен ассортимент ретінде өндіріс процесінде осы деректерді пайдалану үшін талаптарды орындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта компанияның екі зауыты бар:

  • Орал қаласы, Полевая 13/3 көшесінде орналасқан, аумағы 15 000м2-ден асатын, жалпы қуаты күніне 200 000 қалбыр өндіретін консерві зауыты;

  • Орал қаласы, Рыбцех 55 ауданында орналасқан, аумағы 12 000м2-ден асатын, жалпы қуаты жылына 20 000т ет өндіретін ет өңдеу кешені.

Консерві зауытында кеңсе ғимараты, жеңсік ас консервілерін өндіру цехы, көкөніс консервілерін өндіру цехы, көкөніс қоймасы,  ет консервілерін өндіру цехы, балық консервілерін өндіру цехы, мұздатқыш камералары, шикізат өнімдерін сақтайтын қоймалар, темір жол кірме жолдары бар дайын өнімдерді сақтайтын қоймалар орналасқан. Қазіргі таңда біздің компания 100-ден астам консерві түрлерін өндіреді:ет консервілері, ет-өсімдік консервілері, балық консервілері, жеңсік ас консервілері, жеміс-көкөніс консервілері, тауық консервілері, дайын түскі ас, қазақ ұлттық тағамдары және де консервіленген сүт өнімдері. Автоматтандырылған өндірістік процесс жоғарғы сапалы өнімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ет комбинаты ішінде мал сою цехы, сүйектен етті сылып алу желілері, салқындатқыш камералары, жедел мұздатқыш камералары және сыйымдылығы 3000 тонна еттен асатын мұздататын қоймалары орналасқан. Қазіргі таңда ет комбинатында мал сою процессі және жаңа салқындатылған ет пен жартылай дайын өнім шығарылуда. Онымен қоса ет-сүйек ұнын өндіруге арналған қалдықтарды қайта өндеу цехы жұмыс істейді.

«Кублей» ЖШС кадрлар дайындау мәселесіне көп көңіл бөледі. Мамандарды  оқыту компания есебінен жүргізіледі, ал өндірістік тәжірибе цехтарда өтеді. Осылайша, компанияны қажетті квалификациялары бар мамандармен қамтамасыз ету, оқушылардың кәсіби дайындығының тізгініне теориялық және практикалық білім беруді қажет етеді. Кәсіпорында толық әлеуметтік пакет, тұрақты және үнемі өсіп келе жатырған жалақы деңгейі бар.  Корпоративтік демалыс ұйымдастырылады. Қазіргі таңда кәсіпорында 450-ден астам адам еңбек етуде.

Біздің өнімдер үлкен сұраныстарға ие болуымен ғана шектеле қоймай, түрлі ұлттық, шетелдік және халықаралық мамандандырылған және кәсіби көрмелер мен конкурстарда көптеген марапаттар мен медальдармен марапатталып, өз өнімдерінің жоғарғы сапасын дәлелдеді:

  • 2011 жылы компания «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Парыз» сыйлығына ие болды;
  • 2013 жылы «Үздік азық-түлік өнімдері» номинациясы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде бірінші орын алды;
  • 2012-2014 жылдары компания өнімнің сапасы саласында әлеуметтік жауапты бизнеске, оның қауіпсіздігі, сондай-ақ ұйымның өнім сапасын басқарудың аса тиімді әдістерін енгізуге бағытталған жұмыстары бойынша айтарлықтай нәтижеге жеткені үшін «МІНСІЗ» белгісін алды;
  • 2013 жылы өткен «Сапалы Өнім» көрмесіне қатысып, 1-ші орынға қол жеткізді;
  • 2013 жылы Қазақстан Республикасы Елбасының «Халыққа арналған өнімдер шығаратын ең үздік өнеркәсібі» номинациясында «Алтын Сапа» сыйлығының иегері атанды;
  • Қаржылық-экономикалық ранжирлеу рейтингісінің 2015 жыл қарытындысы бойынша, біздің компания жоғарғы сатыға жайғасып, «Алтынға» ие болды;
  • Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасындағы «Салық мөлшері» (ОКЭД-10.13.0) (ОКЭД-10) көрсеткіші бойыншы 2017 жылы 1 орын «Алтынға» ие болды.

Шығарылғын өнімнің сапасын тұрақты бақылау, өнім сұрыпталымының көбейуі және қол жетімді баға – осының барлығы негізгі нарықта көшбасшылар позициясын сақтап қалуға және де тұтынушылардың адалдылығына бөлейтін маңызды факторлар екеніне сенімдіміз.

Сыйлықтар мен марапаттар

«Алтын сапа» сыйлығы

2017 жылға арналған Қазақстан Республикасының үздік салық төлеушісі.

«Алтын сапа» сыйлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы, сапа саласындағы жетістіктері үшін ұлттық награда.

Диплом

Кәсіпорынның тиімділігін арттыру.